Қазақы тазы Италияда топ жарып, чемпион атанды
Италияда өткен WDS 2026 халықаралық ит көрмесінде қазақы тазы тұқымы жоғары нәтижелер көрсетіп, әлемдік деңгейдегі беделін тағы бір дәлелдеді, деп хабарлайды «24KZ».
Көрмеде Кербез «өте жақсы» бағасын алып, өз класында жеңімпаз атанды. Кейіннен ол Қазақстан атынан қатысып, Италия чемпионы атағын жеңіп алды. Ал Сарбаз атты тазы өз класында екінші орын алып, чемпиондар класының резервтік жеңімпазы болды.
Бұл жетістіктер қазақтың ұлттық тазы тұқымын халықаралық кинологиялық аренада кеңінен танытып, оның бірегейлігін әлемге насихаттауға үлкен үлес қосып отыр.
Мамандардың айтуынша, жоғары бәсекелестік жағдайында қол жеткізілген бұл нәтижелер қазақы тазының асыл тұқымдық сапасы мен әлеуетінің жоғары екенін көрсетеді.