Италия салық көлемін ұлғайтады
Италия келер жылдан бастап банктер, ойын бизнесі, сақтандыру және энергетикалық компанияларға салынатын салық көлемін ұлғайтпақ. Бұл 2027 жылға арналған мемлекеттік бюджетті қаржыландыру үшін жасалып отыр.
Құжатта 26 миллиард еуро көлемінде салықтық жеңілдіктер беру және шығындарды ұлғайту қарастырылған. Бұл орташа табысты және өз кәсібін ашқан азаматтардан салық жүктемесін азайтуға, сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға бағытталады. Алайда бұл шаралар мемлекеттік бюджет тапшылығының жалпы ішкі өнімге шаққандағы үлесін 3,5 пайызға дейін арттыруы мүмкін. Қосымша кіріс көздерін табу үшін билік азаматтарға автокөліктеріне жеке тапсырыспен мемлекеттік нөмір белгілерін алуға рұқсат береді.