Талғат Байсуфинов қызметінен кете ме?  Қазақстан футбол федерациясы мәлімдеме жасады

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфиновтың қызметінен кетуі мүмкін деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы ресми мәлімдеді. 
 
Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында бас бапкер Талғат Байсуфинов қызметінен кетеді екен деген ақпарат тараған болатын.

Қазақстан футбол федерациясы Талғат Маруаұлы Байсуфиновқа толық қолдау білдіреді және оның кәсіби қызметін, Қазақстан ұлттық құрамасын дамытуға қосқан үлесін, сондай-ақ команданы алдағы матчтар мен турнирлерге дайындау бағытындағы жұмысын жоғары бағалайды. 

Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін, блогерлерді және әлеуметтік желі қолданушыларын тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге және қоғамды жаңылыстыруы мүмкін расталмаған ақпаратты таратпауға шақырамыз, делінген хабарламада.

Кадрлық шешімдерге қатысты барлық ақпарат Қазақстан футбол федерациясының ресми коммуникация арналары арқылы ғана жарияланады.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз