Канада мен АҚШ-та FIFA-2026 басталды

Футболдан әлем чемпионаты тағы екі елде басталды. Канадада дүбірлі доданың ашылу салтанаты Торонтодағы BMO Field стадионында өтті. 

Салтанатты шарадан кейін алаңда Канада мен Босния және Герцеговина құрамалары ойын көрсетті. Командалар топтық кезеңдегі кездесуде бір ұпайдан еншілеп, тең тарқасты. Енді мерекелік көңіл күй АҚШ-та да жалғасып жатыр. 2026 жылғы әлем чемпионатының үшінші ашылу рәсімі Лос-Анджелестегі Соу-Фай аренасында ұйымдастырылды. Ал мұндағы футбол матчында АҚШ құрамасы Парагвай командасын бірінші таймда 3:0 есебімен жеңді.