Әлем чемпионаты: Португалия мен Конго кездеседі
Отандық клубтардың алғашқы қарсыластары анықталды.
Футболдан қазақстандық клубтардың еурокубоктық бәсекелердегі қарсыластары анықталды. Биылғы маусымда ел намысын 4 команда қорғайды. Мәселен, алматылық “Қайрат” чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде Черногорияның “Сутеська” ұжымымен ойнайды. Бірінші матч 7 шілде күні Алматыда, қарымта ойын 14 шілде Никшич қаласында өтеді. Ал Конференция лигасында ойнайтындардан “Астана” Албанияның “Динамо ситиімен” кездеседі. Командалар әуелі 9 шілде Тиранада, артынша 1 аптадан кейін яғни 16 шілдеде елордада жолығады. Сондай-ақ семейлік “Елім-ай” дәл сол күндері Арменияның “Алашкерт” клубымен кездеседі. Ал Қостанайдың “Тобылы” Конференция лигасындағы жорығын екінші іріктеу кезеңінен бастайды.
Бүгін Португалия ойнайды
Франция құрамасы кеше Сенегалмен кездесіп, 3:1 есебімен жеңіске жетті. Ойында Килиан Мбаппе дубль авторы атанды. Артынша мундиальда сенсация жасау мүмкіндігі жоғары Норвегия Иракты 4:1 есебімен ойсырата ұтты. Енді бүгін чемпиондықтан үмітті басты фавориттердің бірі Португалия құрамасы Конгомен кездеседі. Одан бөлек Англия мен Хорватия арасындағы тартысты ойын бар.
Дархан Сағидуллин, футбол сарапшысы
4 боксшымыз жеңіске жетті
Бокстан әлем кубогінің екінші күнінде 4 отандасымыз жеңіске жетті. Ерлерден Санатәлі Төлтаев 65 келіде әзербайжандық қарсыласынан басым түссе, 75 келідегі Тимур Нұрсейітов ирландиялық спортшыны қапы қалдырды. Ал әйелдерден Назым Қызайбай 54 келіде Олимпиада жүлдегері оңтүстік кореялық боксшыдан айласын асырып, ширек финалға жолдама алды. Артынша 70 келідегі Лаура Есенгелді де жартылай финалға бір табан жақындады. Отандасымыз Испания өкілін 5:0 есебемін ұтып, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Өкінішке орай, Нұрбек Оралбай мен Тимур Қабдешов жарыс жолынан шығып қалды. Тимур 55 келідегі алғашқы кездесуінде бразилиялық, Нұрбек ширек финалда өзбек боксшысы Турабек Хабибулаевқа жол берді. Енді бүгін ұлттық құрама сапынан Серік Теміржанов пен Абылайхан Жүсіпов, Сабыржан Аққалықов рингке шығады.