Жетісуда жастар лигасы жалауын көтерді

Жетісуда былтырдан бастап қолға алынған «J-LEAGUE» балалар-жасөспірімдер спорт лигасының финалдық кезеңі өтіп жатыр. 

Бастапқы кезеңде жобаға 8 мыңнан астам адам қатысқан еді. Қазір бұл бастама ауыл мен қаладағы оқушы жастардың бос уақытын ұйымдастыратын және салауатты өмір салтын насихаттайтын қуатты қозғалысқа айналды. Биыл жазда ұйымдастырылған біріншіліктің ауқымы біршама кеңейген. Жаңа маусымның іріктеу кезеңі 12 мамырда басталған еді. Ал Талдықорғанда өтіп жатқан турнирдің шешуші кезеңіне 551 команда жиналды. Финалда волейбол және баскетболдан 10, ал футболдан 30 команда алаңға шығады.

Еркебұлан Дуанаев, облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары:

- Биылғы жобаның ерекшелігі жеңімпаз командаларға, командалардың ішінде анықталған үздік спортшы «Жетісу» волейбол клубының, «Жетіу» футбол клубының және баскетбол клубының мүшесі болып, іріктеусіз қабылданатын болады.

Ерхан Медетбай, J-League футболдан үздік ойыншысы:

- Ауыл ішіндегі балалар қалаға шығып қалалық жарыстарды көріп, спорттың дамуына үлкен үлес қосылады. Осы «J-LEAGUE» ашылғаның дұрыс деп ойлаймын. Біз алдынғы жылы чемпион болдық және осы жылы тағы чемпион боламыз деген сенімдемін.