5 боксшымыз Әлем кубогында топ жарды

Астанада таеквондодан екі бірдей халықаралық турнир өтеді. Бүгін Алтай одағының тұңғыш чемпионаты басталса, 25-27 маусым аралығында дәстүрлі Kazakhstan Open халықаралық рейтингтік жарысы ұйымдастырылады. Оған әлемнің 27 елінен мыңнан астам спортшы қатысады деп күтілуде. Турнир жеңімпаздарына 10 ұпай берілсе, екінші орын алғандар 6, қола жүлдегерлер 3,6 ұпайға ие болады. 

Әуелі әйелдерден Назым Қызайбай 54 келіде финалда италиялық спортшымен қолғап түйістіріп, 4:1 есебімен жеңіске жетті. Артынша, 60 келіде Виктория Графеева Париж олимпиадасының чемпионы саналатын Тайвань өкілімен кездесіп, тартысты жекпе-жек өткізді. Төрешілердің шешімімен 3:2 есебімен басым түсті. Ал ерлерден Абылайхан Жүсіпов 70 келі салмақта үндістандық боксшыны айқын басымдықен ұтса, 50 келідегі Санжар Тәшкенбай өзбекстандық Асылбек Жалиловпен жұдырықтасып, 3:2 есебімен қапы қалдырды. Ел қоржынына соңғы алтынды аса ауыр салмақтағы Айбек Оралбай салды. Ол Германия өкілін 5:0 есебімен ойсырата жеңді. Сәйкесінше, Қазақстан жалпы командалық есепте 2-ші орын алды. Қоржында 5 алтын, 3 қола бар. Ал Қытай құрамасы өз жерінде өткен турнирде 5 алтын, 1 күміс және 3 қола иеленіп, жарыста топ жарды. Үздік үштіктен Өзбекстан көрінді. 

ӘЧ: ойын нәтижелері

Футболдан әлем чемпионатында Испания құрамасы Сауд Арабиясын ойсырата жеңді. Есеп 4:0. Бұл матчта Ламин Ямаль 10-шы минутта көзге түсіп, қызыл фуриялар сапындағы алғашқы голын соқты. Жапония мен Тунис арасында да дәл сондай есеп тіркелді. Яғни “Күншығыс елінің” өкілдері басым түсті. Артынша, Кабо-Верде құрамасы Уругваймен кездесіп, кезекті сенсация тіркелді. Есеп 2:2. Олар осыған дейін Испаниямен де тең ойнап, 1 ұпай алған болатын. Ал, Бельгия мен Иран арасындағы матчта есеп ашылмады. Енді бүгін Аргентина құрамасы Аустриямен, Франция Иракпен ойнайды. 

Нұрсұлтан Тілектес, футбол сарапшысы:

- Аргентина мен Аустрия өте тартысты матч болатын сияқты. Өйткені Аустрия бірінші айналымдағы қарсыласын жеңді. Одан кейін Аргентина-Алжир ойынында Месси хет-трик жасады. Өзінің турнир тарихындағы алғашқы хет-тригі. Сондықтан өте тартысты матч болады деп ойлаймын. Франция мен Иракты алатын болсақ бұл ойынның нәтижесі айқын деп ойлаймын. Франция өте мықты тегеурінді команда. Сондықтан еш қиындықсыз ірі есеппен жеңіске жетеді деп ойлаймын.

ҚПЛ: 17-тур ойындары аяқталды

Футболдан Қазақстан премьер-лигасының 17-ші тур ойындары аяқталды. Ақтөбе өз алаңында Астананы қабылдап, 2:0 есебімен ұтты. Матчта Луиш Нани мен Аугусти Пасторизе гол соғып, командасына маңызды 3 ұпайды сыйлады. Ал Атырау семейлік Елімайға қонаққа барып, сырт алаңда жеңіске жетті. Қорытынды есеп 2:1. Сондай-ақ, көкшетаулық ОқжетпесқостанайлықТобылдыдәл сондай есеппен ұтты. ПетропавлдықҚызылжар” “Қайратқа” 2:4 есебімен есе жіберсе,Ордабасы өз алаңында ақтаулық Каспийды” 2:0 есебімен тізе бүктірді. Одан бөлек Қайсар” – “Ұлытау”, “Жеңіс” – “Ертіс ойындарында гол соғылмады. Ал өскемендікАлтай мен Жетісу арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды. Дәл қазір Ордабасы 34 ұпаймен көш бастап тұр. Қайрат 33 ұпаймен екінші орынға жайғасса, Оқжетпес клубы үшінші орында келе жатыр.