Бас бапкер Талғат Байсуфинов қызметінен кетті

Ұлттық құраманың бас бапкері Талғат Байсуфинов қызметінен кетті.

Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше, отандық маман өз еркімен кету туралы шешім қабылдаған. Ал енді оның орнына кім келетіні әзірге белгісіз.

Бокстан әлем кубогінің қорытындысы 

Қазақ қыз-жігіттері шеберлігін, қайсарлығын және жеңіске деген жігерлігін кезекті рет дәлелдеді. Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп Қытайда өткен әлем кубогын қорытындылап, осындай пікір білдірді. Оның айтуынша, бұл алдағы Азия Ойындарына дайындық саналады. Сондықтан, жеткен жетістікке тоқмейілсімей, қателіктермен жұмыс істеп, қарқынды одан сайын күшейту керек. Алда үлкен жұмыстар күтіп тұр деп сөзін түйіндеді ол. Айта кетейік, жуырда ғана Қытайдың Гуянг қаласында әлем кубогі өтіп, қазақ қыз-жігіттері сегіз медаль жеңіп алды. Финалға 5 боксшымыз шығып, 5-еуі де чемпион атанды. Яғни Санжар Тәшкенбай, Абылайхан Жүсіпов, Айбек Оралбай, Назым Қызайбай және Виктория Графеева жеңімпаз болды. Осының арқасында жалпы командалық есепте 44 мемлекетің арасында екінші орынға тұрақтадық. Бірніші орында алаң иелері Қытай құрамасы.

ЦИТАТА: Шахмұрат Мүтәліп, Қазақстан бокс федерациясының президенті 

«Бұл жарыс Жапонияда өтетін Азия ойындарына дайындықтың маңызды кезеңдерінің бірі болды. Алда үлкен жұмыс күтіп тұр. Біз аталмыш сындарға тыңғылықты дайындалып, жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін бар күшімізді саламыз...»

Қазақ боксшыларының жеңіс жолын қазақ каратэшілері жалғады. Индонезияның Бали аралында осы спорт түрінен жылдың басты жарыстарының бірі Азия чемпионаты өтті. Оған 33 елдің өкілдері жиналды. Ересектер арасындағы жарыс өте тартысты болды. Нәтижесінде Қазақстан қоржынына жеті медаль түсті. Оның екеуі алтын. Атап айтқанда, 55 келідегі Жоламан Биғабыл мен 67 келідегі Олжас Алтынбек барлық қарсыласын айқын басымдықпен ұтты. Осының арқасында Индонезия төрінде екі мәрте көк туымыз көтеріліп, әнұранымыз шырқалды. Бұдан бөлек ұлттық құрама үздіктері Әсел Қанай мен Нұрқанат Әжіқанов күміс жүлдегер атанды. Ал Бэлла Самашева, Дайяна Даренская және Никита Тарнакин өз салмқатарында үздік үштікті түйіндеп, қолаға қол созды. Осы нәтиженің арқасында Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте үшінші орынға тұрақтады. Топ басында осы спорттың тарихи отаны саналатын Жапония болса, екінші орынға Ираннан келген спортшылар жайғасты. Индонезияда өткен Азия чемпионаты Жапонияда өтетін Азия ойындарына негізгі дайындық саналады. Сондықтан қазақ каратэшілері бірер айдан кейін тағы да ел үмітін ақтап, керемет жетістіктерімен қуантады деп сенеміз.

Виртуалды таеквондо орталығы ашылды

Астанада виртуалды таеквондо орталығы ашылды. Ресми шараға Дүниежүзілік таеквондо федерациясының президенті Чунгвон Чо мен Қазақстан таеквондо федерациясының президенті Құдірет Шәмиев қатысты.  Айта кету керек, виртуалды таеквондо бертін келе пайда болды. Былтыр алғаш рет Сингапурда әлем чемпионаты ұйымдастырылып, оған қазақ қыз-жігіттері қатысты. Енді биыл Азия Ойындарының бағдарламасына да қосылған. Сәйкесінше жоғарыдағы ұлттық құрама өкілдерінен үміт көп. Әсіресе осындай орталықтардың ашылуы спорттық бағыттың дамуына және спортшыларымыздың шеберлігін шыңдап, тәжірибесін толыстыруға керемет мүмкіндік береді дейді мамандар.

Құдірет Шәмиев, Қазақстан таеквондо федерациясының президенті