Дәстүрлі садақ атудан республикалық турнир өтіп жатыр
Астанада еліміздің үздік мергендері сайысып жатыр.
Республикалық турнир «Чемпиондар лигасы» деп аталады. Онда дәстүрлі садақ атудан ұлттық құрама мүшелері үш күннен бері үш нысана бойынша бақ сынады. Алғашқы 2 күнде үздік нәтиже көрсеткен спортшылар өзара VI дүниежүзілік көшпенділер ойындарына жолдама алады. Одан бөлек үздік нәтиже көрсеткен спортшыларға ақшалай сыйақы қарастырылған. Дәстүрлі садақ атудан республикалық турнир елордада 28 маусымға дейін жалғасады.
Нартай Сәрсенғалиев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Sadaq aty» Республикалық дәстүрлі садақ ату федерациясының президенті:
- Көшпенділер ойынына баратын үш ерді, үш қызды анықтадық. Бүгін, бұйырса, жолдама алғанын өздеріңіз тамашалайсыздар. Бұдан бөлек осы чемпиондар лигасына келген спортшыларымызға, ұлттық құрамаға қосылғысы келген спортшыларды ынталандыра түсу үшін, біздің спортты келесі деңгейге көтеру үшін біз арнайы жамбы нысанасын қойдық. Бұл қазақтың ұлттық нысанасы. Біз қаңтар айында бұны әлемдік жарыстардың тізіміне енгіздік.