Астанада ауыр атлетикадан ел біріншілігі басталды

Садақ атудан Біріккен Араб Әмірліктерінің Шарджа қаласында өтетін жастар арасындағы Азия чемпионатында ел намысын қорғайтын үміткерлер анықталды, деп хабарлайды 24KZ.

Олардың арасында әлемдік жарыстарда көзге түсіп жүрген мергендер де бар. Батырхан Зинабдин мен Рахымжан Қамарлар бабында болса, үздіктер қатарынан көрінуі әбден мүмкін.

Ауыр атлеттер Астанада

Астанада ауыр атлетикадан ел біріншілігі басталды. Бұл сынға еліміздің әр бұрышынан 150 ден аса үміткер келіпті Олардың арасында ересектер жарысына енді ғана араласа бастаған жастармен қатар талай халықаралық турнирлерде топ жарып жүрген тәжірибелі зілтеміршілерде бар. Жақында ғана Қытайдың Нинбо қаласында өткен дүниежүзілік жарыста жолы болмаған Едіге Емберді енді ел біріншілігінде олжа салсам деп отыр.

Көктем Талдықорғанда өткен ұлттық біріншілікте Едіге ел рекордын жаңартып, чемпион атанған еді. Осы жарыста қалай боларын алдағы уақытта білеміз. Бүгін қыздар арасында екі салмақта жеңімпаздар есімі анықталды. 49 келіде Жамбыл облысының намысын қорғаған Айнұр Әбдіалықова қоссайыс қорытындысы бойынша 144 ұпай жинап, алтыннан алқа тақса, 53 келіде Жетісу өңірінен келген Әйгерім Әуелбектің әлеуеті жоғары екен. Ол жұлқа көтеруде 73, ал серпе көтеруде 90 келіні бағындырып, Қазақстан чемпионы атанды. Ел біріншілігі 22-ші қарашаға дейін жалғасады.

Лукаку ұлттық құрамадан кетті

Бельгия футболында буын алмасу кезеңі болып жатыр. Ардагер футболшылар жастарға жол беріп, ұлттық құрамадағы орындарын босатуда. Бельгияның бас мергені Ромелу Лукаку да құрамамен қош айтысты. 16 жыл бойы төрт бірдей мундиальға барып, үш рет құрлықтық додада тер төккен шабуылшы 2018-ші жылы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Бельгия сапында 135 ойында 94 голдың авторы атанған Лукакуға жанкүйерлердің ешқандай өкпесі жоқ. Алғаш «Андерлехтен» бастап, «Челси» мен «Манчестер Юнайтед» және «Интер» секілді Еуропаның белді клубтарында доп тепкен Ромелу қазіргі таңда «Фенербахченің» намысын қорғайды. Ұлттар лигасында Италиямен болған ойыннан кейін Лукаку жастарға жол беретін кезде келді. «Енді бар күш жігерімді «Фенербахчеге» саламын. Осымен ұлттық құрамадағы мансабым тәмам. Енді тек Бельгияның жанкүйерімін», – деп ағынан жарылыпты.

Алькарастың арыны күшті

Туринде теннисшілердің қортынды жарысы басталды дегенді айтқанбыз. Осы турнирдің басты фавориті – сөзсіз Карлос Алькарас. Испаниялық теннисшінің негізгі қарсыласы Янник Синнер жарақатына байланысты жарыстан шет қалған соң, Алькарастың мүмкіндігі арта түсті. Алғашқы ойынын америкалық Фрэнсис Тиафоға қарсы өткізген әлемнің екінші ракеткасы айналасы бір сағаттың ішінде қарсыласын 6:2, 6:2 есебімен тас-талқан етті. Ертең Карлос Алькарас ресейлік Даниил Медведевпен кездеседі.

Авторы: Жандос Айтбай

Сондай-ақ оқыңыз: