Нысана көздеуден 2026 жылғы Азиадаға қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды
22 шілдеде Қытайдың Ханчжоу қаласында нысана көздеуден Әлем кубогінің кезеңі басталады.
Бұл жарыс Қазақстан құрамасы үшін ерекше маңызға ие. Өйткені дәл осы турнир 2026 жылғы Азия ойындары қарсаңындағы соңғы ірі сынақ болмақ. Ханчжоуда ел намысын қорғайтын мергендер күзде Жапонияда өтетін Азия ойындарына да қатысады.
Ханчжоудағы Әлем кубогі кезеңінде және кейінгі Азия ойындарында Қазақстан құрамасының сапында 16 спортшы сынға түседі. Олардың қатарында Париж Олимпиадасының қола жүлдегерлері Александра Ле мен Ислам Сәтпаев та бар.
Қазір барлық мерген жеке жаттықтырушының жетекшілігімен арнайы жоспар бойынша дайындалып жатыр. Осыдан кейін құрама Қытайға аттанады. Алдағы Әлем кубогі кезеңінде және Азия ойындарында ел намысын қорғайтын Қазақстан құрамасының тізімі:
- Александра Ле
- Ислам Сәтпаев
- Сәуле Әлімбек
- Валерий Рахымжан
- Елизавета Безрукова
- Никита Чирюкин
- Арина Малиновская
- Кирилл Федькин
- Эльдар Иманқұлов
- Артемий Кабаков
- Константин Малиновский
- Валерия Попелова
- Никита Шахторин
- София Шульженко
- Нина Старова
- Кирилл Цуканов
Olympic.kz