Әлем чемпионаты: финалдық ойын билетінің құны – $11 мың
Футболдан әлем чемпионатының финалдық матчына билеттердің құны қазірдің өзінде 11 мың доллардан асты.
Yahoo Sports веб-сайтының мәліметі бойынша Испания мен Аргентина құрамаларының арасындағы ақтық сайыс АҚШ-та өткізілген спорттық іс-шаралар тарихындағы ең қымбат жарыс болуы мүмкін. Шешуші матч бүгін түнде Нью-Джерси штатының Ист-Ратерфорд қалашығындағы MetLife Arena стадионында өтеді. Бұл жерге 80 мыңнан астам көрермен сыяды. Билеттердің рекордты сомаға сатылуының бірнеше себебі бар. Аргентина әлем чемпионы атағын сақтап қалуға барын салады. Ал Испания өз тарихында екінші рет жеңімпаз атануға ұмтылмақ. Сонымен қатар бұл аргентиналық шабуылшы Лионель Месси қатысқан соңғы әлем чемпионаты болуы мүмкін.