Қазақстан Таиландтағы жарыста жүзуден алты алтын медаль алды
Таиланд төрінде жеті рет әнұранымыз шырқалды.
Ол жақта су спорты түрлерінен Азия чемпионаты өтіп жатыр. Нәтижесінде қоржынымызға 22 медаль түсті. Оның жетеуі алтын.
Әсіресе қазақстандық жүзу шеберлері керемет нәтиже тіркеді. Атап айтар болсақ, Анатолий Руденко, Александр Миронычев, Федор Диденко, Данил Чужинов, Александр Румынский сияқты жігіттер ел үмітін ақтады. Дәл осы бағыттың өкілдері 7 алтынның алтауын еншіледі.
Бұған қоса артистік жүзу бағытында бірнеше жүлдеміз бар. Әсіресе ұлттық құрама сапындағы Виктор Друзин техникалық соло сайысында топ жарып, Азия чемпионы атанды. Сонымен қатар әйелдер арасындағы жұптық сында Мақпал Қалмұрза мен Даяна Джаманчалова, ал аралас жұптық сында Ясмина Исламова мен Алдияр Рамазанов күміс жүлдеге қол созды. Тағы бір айта кетерлігі, су добы шеберлері де сәтті өнер көрсетіп жатыр. 19 жасқа дейінгі ұлдар құрамасы жартылай финалға жолдама алды. Олар ширек финалда Өзбекстан құрамасын 22:8 есебімен жеңді. Енді Сингапур жігіттерімен кездесіп, финал жолдамасын сарапқа салады. Бангкок қаласындағы байрақты бәсеке 25 шілдеге дейін жалғасады.
Азия ойындарына дайындық басталды
Каратэшілер кешенді дайындыққа кірісті. Каратэ WKF бағытының өкілдері қазір Алматы іргесіндегі олимпиадалық даярлау орталығына жиналып, Азия ойындарына дайындықты бастады. Жылдың басты жарысына тура екі ай қалды. Жоспар бойынша жапон жекпе-жегінің шеберлері осы аралықта үш бірдей жаттығу жиынын өткізіп үлгеруі керек. Алғашқысы осы базада болады. Қазір ел намысы қорғайтын қыз-жігіттер бұнда жалпы физикалық дайындықты пысықытап жатыр. Одан кейін арнайы және жауынгерлік әзірліктер күтіп тұр. Айта кетейік, биылғы Азия ойындарына 6 спортшымыз қатысады. Ал каратэ бойынша бәсекелер жарыстың алғашқы күндері, яғни 21-24 қыркүйек аралығында болады. Тағы бір айта кетерлігі, дәл осы спорттың өкілдері Азия ойындарында үнемі жоғары нәтиже тіркеп, жалпы есепте топ бастап жүр. Биыл да осы жеңіс жолын жалғап, ел үмітін ақтауға тырысамыз дейді ұлттық құраманың бас бапкері Берік Қасенов.
Берік Қасенов, Ұлттық құраманың бас бапкері:
- Көкпаршылар мен көкпар аттары іріктелді. Енді негізгі дайындық басталады. Ұлттық спортымыздың өкілдері қазір қайтадан Алматы облысына жиналып, Көшпенділер ойындарына дайындықтың келесі кезеңіне кірісті. Алғашқы жаттығу жиынында жігіттер физикалық шеберлікті шыңдаса, енді бұл жолы аттармен арнайы әзірлік жүргізеді. Яғни еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған ең үздік 48 сәйгүлікті іріктеп, сұрыптап, көкпарға және көкбөріге лайықтылары таңдап алынды. Сәйкесінше алдағы апталарда ұлттық құрама өкілдері осы Көкбастау елді мекенінде аттарға бейімделіп, командалық ойынды қояды және арнайы тактиканы пысықтайды. Айта кетейік, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының өзі 31 тамызда басталады. Ал көпшілік тағатсыздана күтіп отырған көкпар бойынша бәсекелер 2-5 қыркүйек аралығында болады. Яғни 5 қыркүйекке финалдық кездесу жоспарланған.
Нұрдәулет Момынов, ұлттық құраманың бас бапкері