«Болашақ ойындарына» екі күн қалды
Астана 2 күннен кейін әлемдік спорт пен цифрлық технологиялар тоғысқан алаңға айналады.
Яғни көптен күткен «Болашақ ойындары» басталады. Оған ел атынан 8 спорт түрінен 11 команда қатысады. Жалпы жүлде қоры – 4 миллион доллар. Future Games көрерменге бұрын соңды болмаған талас-тартысқа толы тың формат ұсынуға дайын.
Қазақстан «Болашақ ойындары – 2026» турнирін қабылдауға дайын. Сайыста әлемнің 35 елінен мыңға жуық спортшы бақ сынайды. Қатысушылар Pgygital Basketball, PUBG, Dota, CS 2 сынды 8 ойын түрінен сынға түседі. Оның ішінде Контр Страйктан әлемде миллиондаған жанкүйері бар Falcons, Spirit Team ұжымдары да өнер көрсетеді. Оларды тамашалау үшін әлемнің түкпір-түкпірінен Астанаға 10 мыңға жуық турист келеді.
Ержан Шәкеев, «ҚазСпортИнвест» АҚ спорттық іс-шара департаментінің басшысы:
- Бұл спортшылардың деңгейі өте жоғары деп санаймыз. Себебі кейбір дисциплиналарда ең мықты командалар қатысуға ат салысып жатыр. Біз қолымыздан келгенше бүкіл жағдайларын жасап беруге тырысамыз. Қазақстанға бірінші рет келе жатыр.
Болашақ ойындарының басты ерекшелігі – фиджитал форматында өтеді. Командалар алдымен виртуалды әлемде бақ сынайды. Кейін дәл сол қарсыласымен спорт алаңында кездеседі. Жеңімпаз екі кезең қорытындысы бойынша анықталады. Мұнда физикалық дайындықпен қоса технологияны меңгеру қабілеті шешуші рөл атқарады.
Ержан Шәкеев, «ҚазСпортИнвест» АҚ спорттық іс-шара департаментінің басшысы:
- Pgygital – физика және диджиталдың қосындысы. Алдымен Didgital кезеңінде сайыстар өтеді. Одан кейін физикалық тұрғыда жарыстарын жалғастырады. Ең ұзақ өтетін әрине киберспорттық дисциплиналар саналады. 1 сайыс 1 сағаттан астам өтуі мүмкін.
Қазір шетелдік қатысушылар елордаға келіп жатыр. Алғашқылардың бірі болып Аргентина мен Черногория құрамалары келді.
Николас Креспо, Аргентинадағы Phygital қозғалысының өкілі
- «Болашақ ойындарына» үшінші рет қатысқалы отырмыз. Біздің ойымызша, бұл турнир өз тарихындағы ең үздік дода болмақ. Астана қаласы бізге ұнап жатыр. Мұндағы адамдардың ерекше энергиясын сезіндік. Біз мықты құраммен келдік: екі баскетбол командасын, бір футбол ұжымын және би дисциплинасы бойынша бір спортшыны алып келдік. Чемпион болуды мақсат етіп отырмыз.
Дода 29 шілдеде басталып, 9 тамызға дейін жалғасады. Жарыс Астананың 4 спорт нысанында ұйымдастылады. Сайыстарды «Барыс арена» мен «Beeline арена» және Жақсылық Үшкеміров атындағы Жекпе-жек сарайы мен «QAZAQSTAN» жеңіл атлетика спорт кешендері қабылдайды.
Авторы: Мерей Қанапия