Дастан «Челси» сапында матчқа қатысады

Бүгін Дастан Сәтбаев «Челси» сапында матчқа қатысады. Лондондық клуб Аустралияның Сидней қаласындағы халықаралық турнирде бақ сынағалы жатыр.

17 жастағы қазақ баласы 28 ойыншы тізіміне ілікті. Тіпті турнир ұйымдастырушылары жарыстың ресми постерін жариялап, онда қазақстандық шабуылшыны ағылшын клубының басты жұлдыздарының қатарында көрсетті. Афишада Дастанмен бірге Коул Палмер, Жоао Педро, Лиам Делап секілді футболшылар бар. Бұл Дастан Сәтбаев үшін «Челсидің» негізгі командасы сапындағы алғашқы қадамы болмақ. Сонымен қатар бұл матчтар Дастанның өзін дәлелелдеп, негізгі құрам сапынан орын алуына таптырмас мүмкіндік саналады. Айта кетейік, англиялық «Челси» мен аустралиялық «Вестерн Сидней Уондерерс» арасындағы матч бүгін біздің уақытпен 14:45-те басталады.

Ел чемпионаты қашан және қайда өтеді?

Ересектер қазанда, жасөспірімдер қарашада өзара мықтыны анықтайды. Бокстан Қазақстан чемпионатының нақты мерзімдері жарияланды.Қазақстан бокс федерациясының мәліметінше, ересектер арасындағы ішкі біріншілікті Тараз қаласы қабылайды. Жарыс «Тараз Аренада» 24 қазан мен 1 қараша аралығында болады. Оның қорытындысы бойынша ұлттық құрамаға жасақталып, жеңіске жеткен қыз-жігіттер халықаралық, құрлықтық және әлемік аламандарға қатысуға мүмкіндік алады. Одан кейін қарашаның ортасында Ақтау қаласында 17 жасқа дейінгі, ал Астана қаласында 19 жасқа дейінгі жігіттердің Қазақстан чемпионаты өтеді. Дәл осы жас деңгейіндегі қыздар бәсекесін Қостанай қаласы қабылдайды, жарыс қарашаның соңы мен желтоқсанның басына жоспарланған. Жасөспірімдер арасындағы бәсеке де өте маңызды. Өйткені дәл осы жерде ұлттық құрамаға резерв қаралады. Әлеуеті мен шеберлігі жоғары боксшылар ұлттық командаға алынады. Бір сөзбен айтқанда, жыл соңына дейін барлық жас деңгейіндегі ел намысны қорғайтын құрамаларымыз жасақталып, алдағы жылғы жарыстарға кешенді дайындықты жүргізеді.

Көкпар мен көкбөрі ережелері біріктірілмейді

Көкпар мен көкбөрі ережелері біріктірілмейді. Бұл жөнінде Қазақстан көкпар федерациясының вице-президенті Жаныс Саев қадап айтты. Осы әңгіменің шығуына Қырғызстан тарапының қос елдің ұлттық ойындарына ортақ ереже қарастырылып жатыр деген мәлімдемелері түрткі болды. Яғни, бірер ай бұрын көрші елдің спорт министрі аталмыш бағыттағы жұмыстар жүргізіліп жатқанын жариялаған. Одан кейін қос елдің төрешілері қатысқан Алматыдағы халықаралық семинарда және қос елдің мамандары қатыстқан Бішкектегі дөңгелек үстелде де ұсыныстар айтылды. Бірақ, біздің тарап бұл мүмкін емес жағдай дегенді алға тартып отыр. Айта кетейік, көкпар да, көкбөрі де Дүникжүзілік көшпенділер ойындары бағдарламасында бар. Байрақты бәсекені биыл Қырғызстан қабылдайды. 31 тамызда басталып, 6 қыркүйекке дейін жалғасады.