Олимпиада жолдамалары сарапқа салынады
Елдос пен Әбиба Азия ойындарына қатысады. Қазақстан дзюдо федерациясы Жапонияда өтетінжылдың басты жарысына қатысатын спортшылар тізімін жариялады.
Тізімде бас-аяғы14 дзюдошы бар. Араларынан Елдос Сметов, Әбиба Әбужақынова, Ғұсман Қырғызбаев, Алмат Әділет сияқтыел мақтаныштарын кездестіруге болады.
«Тобыл» «Паневежисті» жеңді
«Тобыл» «Паневежисті» жеңіп, Еурокубоктағы жорығын жалғастыруға мүмкіндік алды. УЕФА Конференция лигасының іріктеу кезеңі аясында қазақстандық және литвалық клубтар кездескен болатын. Сырт алаңда өткен ойын 1:1 есебімен аяқталды. Қостанайда өткен қартымта мачта та 1:1 есебі тіркелді. Жеңімпазды кездесу соңындағы пенальтилер сериясында анықтауға тура келді. Бұл жерде «Тобыл» 4:3 есебімен басым болып, келесі кезеңге өтті. Енді Мирослав Ромащенко баптайтын жігіттер сербияның «Партизанымен» кездеседі. Алғашқы мачт 6-тамызда Белград қаласында, қарымта матч 13-тамызда Қостанай қаласында болады.
Қазақ жігіттері тарихи жетістік тіркеді
60 мың доллар. Семсерлесуден әлем чемпионы атанып, тарихи жетістік тіркеген қазақ жігіттері осынша көлемдегі сыйақы алады. Айта кетейік, Гонконг қаласында өткен дүниежүзілік додада Руслан Курбанов, Ерлік Сертай, Кирилл Проходов және Вадим Шарлаимов төрттігі Финляндия, Өзбекстан, Мысыр, Дания, Украина құрамаларын жеңіп, әлем чемпионы атанды. Сәйкесінше мемлекет тарапынан әр спортшыға 15 мың доллардан сыйақы беріледі. Яғни, төртеуіне табысталатын қаржы 60 мың долларды құрайды. Ұлттық валютаға шаққанда 28 миллион 600 мың теңге. Бұған қоса, ұлттық құраманың бапкерлері де ақшалай марапатқа ие болады. Оларға 10 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы қарастырылған.
Олимпиада жолдамалары сарапқа салынады
Олимпиаданың алғашқы лицензиялары Астанада сарапқа салынады. Ворлд Боксинг ұйымы 2028 жылғы жазғы ойындар жолдамаларының жарыстар күнтізбесін бекітті. Ең біріншісі - 2027 жылы Астанадағы әлем чемпионаты. Яғни, осында жеңіске жеткендер олимпиадаға қатысуға мүмкіндік алады. Одан кейін әр құрлықта өзінің лицензиялық турнирлері өтеді. Атап айтқанда, Америка құрлығы бойынша АҚШ-та, Азия құрлығы бойынша Қытайда, Еуропа құрлығы бойынша Түркияда, ал Африка құрлығы бойынша Нигерияда іріктеу жарыстары ұйымдастырылады. Бұған қоса, 2028 жылы Италия мен Венгрияда қосымша әлемдік лицензиялық жарыстар болады. Осының нәтижесінде Лос-Анджелес олимпиадасына қатысатын боксшылардың толық тізімі жасақталады.
Махмұд Сабырхан Фредди Роучпен кездесті
Мэнни Пакьяо сияқты халықтың мақтанышы боламын. Қазақстандық Махмұд Сабырхан филиппиндік боксшының бапкері Фредди Роучпен кездесіп, әлеуметтік желіге осындай жазба қалдырды. Ұлттық құрама өкілдері қазір мұхиттың арғы жағында дайындалып жатыр. Сол жерде екі дүркін әлем чемпионы мен әйгілі бокс маманы кездесті және бұл жағдай Махмұдқа ерекше мотивация берді. «Аңыз адамның қасында тұрғанда арман үлкейеді. Freddie Roach қолында дайындалған Pacquiao 8 салмақта чемпион болды. Алла қаласа сол табандылықты, сол еңбекті, сол жеңісті қайталап, халықтың мақтанышы болайық», – деп жазды Махмұд Сабырхан.