Анна Черкашина Қазақстан рекордын жаңартып, U20 әлем чемпионатының финалына шықты
АҚШ-тың Орегон штатында 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты басталды. Дүбірлі додада қазақстандық Анна Черкашина сәтті өнер көрсетіп, финалға жолдама алды, деп хабарлайды 24KZ.
Отандасымыз сырықпен секіруден іріктеу кезеңінде 4,10 метр нәтижені бағындырды. Бұл көрсеткіш оған әлем чемпионатының шешуші кезеңіне өтуге мүмкіндік беріп қана қоймай, U20 жас санатында Қазақстан рекордын жаңартуға жол ашты.
Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша финалға үздік 13 спортшы өтті. Сырықпен секіруден шешуші жарыс 8 тамызда өтеді.