Спортшы Құрылтай сайлауына жүгіру марафонын арнады

Шәкірттерімен Астанадан Алматыға жүгіріп бара жатқан ультрамарафоншы Меңдібай Әлімғазиновты қарағандылықтар құрметпен қарсы алды.

Спортшы 1300 шақырым қашықтыққа жүгірісін алдағы Құрылтай сайлауына арнады. 58 жастағы марафоншы тәулігіне шамамен 100 шақырымды еңсермек. Ол Алматыға 23 тамызда жетіп, дауыс беруге қатысуды жоспарлап отыр. Жол бойындағы елді мекендердің тұрғындары оның бастамасына барынша қолдау танытып жатыр. Аршалыда тұрғындар жол бойына шығарып салса, Осакаров халқы дастарқан жайып, төрден орын ұсынды. Қарағандыда тәжірибелі марафоншыға жас спортшылар да қосылып, жолдың бір бөлігін жүгіріп өтті.

Меңдібай Әлімғазинов, ультрамарафоншы:

- Ең қиыны алда тұр. Осы жерден 500 шақырым Балқаш тұр. 450 ғой, енді әрі қарай мидай дала, ел болмайды. Қандай не болса да төземіз ғой, дайындығымыз бар. Жастарға үлгі болсын деп шықтық дауыс беруге Алматыға барып. Өзім кезінде Алматыда 15 жыл тұрғанмын. Алматыға бармағалы көп болды.