Елена Рыбакина Торонтодағы WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты
Қазақстанның екінші ракеткасы Елена Рыбакина Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан WTA 1000 категориясындағы турнирдің ширек финалында жапондық Наоми Осаканы жеңіп, жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды «24KZ».
Әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина жапондық Наоми Осакамен өткен тартысты кездесуде басым түсіп, Торонтодағы WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты.
Тартысты өткен ойын Рыбакинаның пайдасына 4:6, 7:6 (7:5), 6:4 есебімен аяқталды.
Теннисшілер кортта 2 сағат 36 минут өткізді. Осы уақыт ішінде қазақстандық спортшы 15 эйс жасап, 6 мәрте қос қателік жіберді. Ал Осака 3 эйс жасап, 6 рет қос қателікке бой алдырды.
Жартылай финалда Елена Рыбакина швейцариялық Белинда Бенчичтің жарақатына байланысты турнирден бас тартуына орай келесі сатыға өткен америкалық Кори Гауффпен ойнайды.
WTA 1000 категориясындағы Канада турнирінің жалпы жүлде қоры 7,4 миллион доллардан асады (шамамен 3,5 миллиард теңге). Турнир жеңімпазы WTA рейтингіне 1000 ұпай қосып, 1 085 220 доллар (шамамен 509 миллион теңге) көлемінде сыйақы алады.