Дастан Сәтпаев – ресми түрде «Челси» ойыншысы

Дастан Сәтпаев ресми түрде «Челси» ойыншысы атанады. Бүгін қазақстандық жас футболшы 18 жасқа толып, 5 жылдық келісімшартқа қол қояды.

Қазірдің өзінде отандасымыздың болашағына қатысты түрлі жорамал, болжам айтылып жүр. Тіпті 3 бірдей клуб қызығушылық танытып отыр деген ақпарат бар.

Бүгін Дастан Сәтбаев 18 жасқа толды. Сәйкесінше лондондық «Ақсүйектермен» жасаған келісімшарты күшіне еніп, ресми түрде «Челси» ойыншысы атанады. Ол бас бапкер Хаби Алонсоның шешімімен, маусым алдындағы жолдастық 5 матчтың 4-еуіне қатысып, 1 гол соғып үлгерді. Десе де бұл көрсеткіш оның «Челсидің» негізгі құрамында ойнауына жеткіліксіз», - дейді сарапшы.  

Әнуар Әбдірахманов, футбол сарапшысы:

- Дастанның келер маусымда ағылшын премьер-лигасында ойнауы екіталай. Себебі «Челсидегі» ойын уақыты үшін болып жатқан үлкен бәсекелестік бар. Мысалы, Дастан шабуылдың сол қапталында ойнайды. Дәл сол қапталда Челсиде ойнайтын 6-7 мықты шабуылшы бар. Олардың арасында Мудрик, Энцо Фернандес бар. Және дәл сол жерде Педро Нето, Николас Джексон ойнауы мүмкін. Сол себепті 17-18 жастағы қазақ баласының ойнауы екіталай.

Қазір Дастанға қатысты түрлі болжам бар. Бірі ағылшын премьер-лигасында ойнайтын «Халл Ситиге» жалға беріледі десе, енді бірі Франция біріншілігіндегі «Страсбур» клубына немесе Испания Ла-лигасындағы «Расингке» ауысуы мүмкіндігі жоғары дейді.

Мерей Дінмұхаммедұлы, спорт сарапшысы:

- Соңғы ақпарат бойынша зерттеу жасадым. Испаниядағы әріптестерім «Расингпен» тікелей байланысты. Сол адамдардың айтуынша, дәл қазір шабуылшы позициясына ешқандай үміткер ізделіп жатқан жоқ. Өйткені бастапқы шабуылдағы үштік команданың қаңқасында қалған. Сондықтан Сәтбаев «Расингке» барады деген дақпырт жаңалық және «Халл Ситиге» барады дегенге де сену қиын.     

Қазір лондондық клуб сапында 41 ойыншы бар. Хаби Алонсо

трансферлік терезе жабылғанға дейін 16 футболшыны сатуды көздеп отыр. Яғни 25 ойыншымен жаңа маусымға қатысады. Бірақ нақты кімдерді сатып, жалға беретіні әлі белгісіз. Ал трансфердің жабылуына не бары 20 күн қалды.

Мерей Дінмұхаммедұлы, спорт сарапшысы:

- Менің ойымша, Челсиде қалған дұрыс. Енді Мудрик келді. Бірақ оны керісінше жалға береді деген ақпарат көп. Оның орнына Дастанның жақсы ойнайтыны, физикалық тұрғыда дайын екені және осында маусым өткізіп, өзінің бабында кеткені бар. Дәл осы сәтте Сәтпаев Челсиге көбірек керек.

Әнуар Әбдірахманов, футбол сарапшысы:

- Дастан арендаға барып, басқа командада өнер көрсетсе жақсы болар еді. Француз лигасына барып, бірталай ойыншы осы жолды өткере отырып, қадам-қадамымен дами отыра, осындай үлкен жетістіктерге қол жеткізуі әбден мүмкін. 

Тіпті күні кеше Дастан «Қайратқа» қайтып оралады деген де ақпарат шықты. Яғни қысқа уақытқа жалға келуі мүмкін. Сәтбаевқа қатысты нақты шешімді алдағы 20 күнде Хаби Алонсо қабылдайды.

Авторлары: Мерей Қанапия, Санжар Біргебев