Тобыл мен Партизан қарымта ойыны Қостанайда өтеді

Ертең Конференция лигасының іріктеу кезеңінде Қостанайда жергілікті Тобыл Сербиялық Партизан командасымен қарымта ойын өткізеді.

Естеріңізге салайық, Тобыл сырт алаңда өткен алғашқы ойында 0:3 есебімен ұтылған болатын.

Садақшылар тас-түйін дайын

Қыркүйектің 19-ы мен қазақнның 4-і аралығында Жапонияның Нагоя қаласында өтетін Азия ойындарына садақшыларымыз тас-түйін дайын. Бұл жөнінде ұлттық құраманың бас бапкері Бауыржан Жолдыбаев мәлімдеді. Классикалық садақ түрі бойынша Ильфат Абдуллин мен Дәулеткелді Жаңбырбай және Дастан Кәрімов пен Медина Мұрат, сондай-ақ Александра Землянова мен Самира Жұмағұловалар ел намысын қорғаса, блоктық садақта Ақбарәлі Қарабаев пен Мұса Ділмұхамет, Андрей Тютюн мен Виктория Лян және Адель Жексенбинова мен Роксана Юнусовалар құрама тізіміне енді. Құрамды жасақтау барысында алдымен спортшылардың маусым бойы көрсеткен тұрақты нәтижелеріне мән бердік-дейді бапкерлер. Спортшылар Азия ойындарының қарсаңында елімізде дайындық жұмыстарын пысықтайды. Құралайды көзге атқан мергендеріміз құрлық додасында да мүлт кетпей ел қоржынына көптеп медаль салады деген үміттеміз.

УЕФА суперкубогі кімге бұйырады?

Дүниежүзілік доп додасынан кейін сәл тыныстаған теңбіл доп бүгін Еуропа құрлығында қайта домалайды. Яғни футбол жанкүйерлерінің назары Аустрияға ауады. Санаулы сағаттардан кейін Зальсбургтегі Ред Булл Аренада Француздардың ПСЖ сы мен Ағылшындардың Астон Вилласы Уефа суперкубогін сарапқа салады. Луис Энрика шәкірттері Чемпиондар лигасының жеңімпазы десек,  Унаи Эмери командасы Еуропа лигасында олжа салғанын жанкүйерлер жақсы біледі. Екі команданың жолы өткен жылы плей-оф кезеңінде түйісіп, ПСЖ өз алаңында 3:1 есебімен жеңіске жетсе, қарымта ойында 3:2 есебімен Астон Вилланың асығы алшысынан түскен. Бүгін қай команданың  тасы өрге домалауы мүмкін?  Қағаз жүзінде Француздар фаворит. Деседе Бирмингемдіктерде оңайшылықпен беріле салмасы түсінікті. Екі команданың сапында да біршама өзгерістер бар. Бірақ Астон Виллаға Германиядан келген шабулшы Манзамби жарақатына байланысты қол ұшын бере алмайды. Ал Алехандро Гарначо мен Жоау Гомештер алаңға шығуы мүмкін.  ПСЖ ның төрт көзі түгел. Тека Шабулшы Феррран Торреспен әлі мәселе шешілген жоқ. Ойынға Сомали қазысы Омар Абдулкадир төрелік етеді.

Шелтон жартылай финалда

Теннисші қыз-жігітттер Канада жерінде жүр. Бұрымдылар Торонтодағы теннис турнирінде десек, жігіттер Монреалда кім мықтыны анықтап жатыр. Ширек финалда Америкалық Бен Шелтон мен Чехиялық Якуб Меншиктің жолы түйісті. 23 жастағы Шелтон қарсыласына бас көтерткен жоқ. Небәрі екі сетта 6:3 6:1 есебімен жеңісе жетті. Бенннің болашағынан үміт күтетіндер көп. Тіпті Американың бір кездегі айтулы теннисшілері Пит Сампрас пен Андре Агассидің жолын жалғастыратын осы Шелтон деп болжайтындар бар. Беннің жартылай финалдағы қарсыласы өзінің  отандасы Льенер Тиен.