Ауыр атлет Ақжол Құрманбек Азия чемпионы атанды
Ауыр атлет Ақжол Құрманбек жасөспірімдер арасында Азия чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды «24KZ».
Өзбекстанның Ташкент қаласында ауыр атлетикадан жас жеткіншектер мен жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты жалғасуда.
Қазақстандық ауыр атлет Ақжол Құрманбек жасөспірімдер арасында 85 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алды. Отандасымыз қоссайыстың қорытындысы бойынша 358 (160+198) келіні еңсерді.
Сондай-ақ дәл осы салмақта Ерасыл Сәулебеков 351 (154+197) келіні көтеріп, қола жүлдегер атанды.
Ал күміс жүлдені өзбекстандық Хикматилло Хайдаров жеңіп алды - 357 (161+196) келі.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз