Елена Рыбакина тағы бір чемпионды жеңіп, финалға шықты
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан беделді турнирдің финалына шықты. Әлемнің екінші ракеткасы жартылай финалда АҚШ-тың төртінші ракеткасы Коко Гауффты жеңді, деп хабарлайды 24KZ.
Финалға жолдама сарапқа салынған матч тартысты басталды. Екі теннисші де ұзақ уақыт бойы бір-бірінің добын қайтара алмай, өз сервистерін сенімді орындады. Алайда бірінші сет соңында америкалық спортшы басымдық танытып, партияны 7:5 есебімен жеңді.
Екінші сетте Рыбакина ойынын күшейтті. Есеп 2:2 болған сәтте қазақстандық теннисші брейк жасап, кейін партияны 6:2 есебімен өз пайдасына аяқтады.
Шешуші сет те осыған ұқсас сценариймен өтті. Рыбакина 2:2 есебінен кейін тағы бір брейк жасап, кездесуді жеңіспен аяқтады.
Осылайша Елена Рыбакина Коко Гауффты 5:7, 6:2, 6:2 есебімен жеңіп, Торонто турнирінің финалына жолдама алды.
Торонто турнирінің финалында Рыбакина Польшаның бұрынғы әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швёнтекпен кездеседі.
Егер Рыбакина Торонто турнирінде чемпион атанса, екі теннисшінің арасындағы айырмашылық небәрі 4 ұпай болады. Ал екі аптадан кейін қазақстандық спортшы әлемдік рейтингте бірінші орынға көтерілуі мүмкін.