Бибісара Асаубаева жеңіске жетті
Елена Рыбакина финалда жеңілді. Канаданың Торонто қаласында теннистен WTA 1000 санатындағы турнир мәресіне жетті. Бас жүлдегі қазақстандық Елена Рыбакина мен польшалық Ига Швентек сарапқа салған болатын. Кездесуі екі-ақ сетке созылды. Қорытынды есеп: 6:2, 6:3. Соған қарамастан Елена 564 мың доллар көлемінде сыйақы алды және әлемдік рейтингтегі жағдайын жақсартты.
Бибісара екінші орынға көтерілді. Американың Сент-Луис қаласында шахматтан әйелдер арасындағы супертурнир жалғасып жатыр. Cairns Cup деп аталатын байрақты бәсекеге жыл сайын әлем үздіктері жиналады. Араларында қазақстандық Бибісара Асаубаева да бар. Ол жарыстың кезекті күні швейцариялық Александра Костенюкпен кездесіп, жеңіске жетті. Бұл – қазақ қызының төрт ойындағы алғашқы айқын басымдығы. Бұған дейін украиналық, үндістандық және америкалық қыздармен тең түсткен болатын. Соның арқасында, 2,5 ұпай жинап, турнир тізімінде екінші орынғакөтерілді. Айта кету керек, нағыз тартыс енді басталады. Өйткені алда жарыстың басты фавориті саналатын Қытай, Грекия және Үндістан өкілдерімен кездесу күтіп тұр. Сент-Луис қаласындағы турнир 20-тамызға дейін жалғасады. Оның жалпы жүлде қоры 250 мың долларды құрайды. Жеңімпазға 60 мың доллар беріледі.
«Тобыл» еурокубоктен шығып қалды
«Тобыл» еурокубоктан шығып қалды. Қостанайлық команда Конференциялар лигасында өнер көрсетуге мүмкіндік алып, үшінші іріктеу кезеңіне дейін жетті. Бұл жерде оны серибялық «Партизан» клубы тоқтатты. «Тобыл» мен «Партизан» ең алдымен Белград қаласында кездесіп, алаң иелері 3:0 есебімен жеңіске жеткен еді. Қос команда кеше Қостанай қаласында қарымта матч өткізді және бұл жолы да қонақтар 1:2 есебімен басым түсті. Сәйкесінше, екі ойын қорытындысы бойынша «Партизан» сенімді түрде келесі кезеңге өтті. Яғни Конференциялар лигасы іріктеуінің плей-оффында өнер көрсетеді. Ал Мирослав Ромащенко жаттықтыратын «Тобыл» жігіттері еурокубоктағы бәсекені осы жерден аяқтайды. Жалпы алар болсақ, осы еурокубоктарға еліміз атынан қатысқан 4 команданың 3-еуі топтық кезеңге жетпей жарыс жолынан шығып қалды.
Жылдың басты жарысына дайындық
Жігіттер америкада жақсы физика жинады. Енді өз елімізде арнайы жаттығулар жасап, жылдың басты жарысына аттанамыз. Бұл жөнінде Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Дархан Қызайбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, Азия ойынарына дайындық қарқынды жүріп жатыр. Осы мақсатта 20-дан аса боксшымызды мұхиттың арғы жағына жіберіп, шеберлік шыңдауына мүмкіндік жасалды. Айта кету керек, оның ішінде негізгі құрамнан бөлек, резервте тұрған қыз-жігіттер де бар. Олар бір айға жуық уақыт жалпы физикалық дайындықты пысықтап, артынша сол жердегі кәсіпқой боксшылармен спарринг өткізді. Аталмыш жаттығу жиыны боксшылардан бөлек, олардың бапкерлері үшін де үлкен тәжірибе болды дейді Дархан Қызайбаев.