«Ман сити» маусымға дайын

Көркем гимнастикадан Германияның Франкфурт қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аяқталды.

Қазақ елінің намысын қорғаған Ақмарал Ерекешова 84,200 ұпай жинап финалдық кезеңге жолдама алды. Өкінішке қарай Айбота Ертайқызы іріктеуден өте алмады.

«Ман сити» маусымға дайын

Жанкүйерлер асыға күтіп отырған Ағылшын премьер лигасының басталуына аз ғана уақыт қалды.  Жексенбі күні маусым шымылдығын Манчестер Сити мен Арсенал ашады. Уэмбли стадионында екі мықты ел суперкубогін сарапқа салады. Кеше Аль Иттихад стадионында Ман Ситидің ашық жаттығуын көруге мыңдаған жанкүйер келіпті. Көпшілік көкейінде бір ғана сұрақ бар. Жаңа бапкер, Пеп Гвардиоланың жеңісті жолын жалғастыра ала ма деген. Иә қазір Энцо Мареска бапкерге оңай емес. Үлкен жауапкершілікті жүктеп алған жаттықтырушы күндіз күлкіден түнде ұйқыдан қағылыпты. Егер жексенбі күні командасы жеңіске жетіп жатса, арқасынан біраз ауыр жүк түсетіні анық. Команда сапында өзгерістер бар. Тәжірибелі ойыншылар Бернарду Силва мен Джон Стоунз, қорғаушылар Мануэль Аканджи мен Натан Акелердің келісім шарт мерзімі аяқталып басқа командаға ауысты. Тиджани Рейджерсте Сауд Арабиясына кетеді деген сыбыс бар. Родриде әне-міне Барселона деп отыр. Қалалықтар трансфер уақытынды тым белсенді болды деп айта алмайсыз. Ноттингемнен Эллиот Андерсонды 116  миллион фунт стерлингке сатып алғаны болмаса, Джек Грилиштердің келісім шарты аяқталып командаға қайта оралды. Эрлинг Холландтардың демалысы тым кеш аяқталды. Дегенмен Энцо Мареска бапкер бұл жігіттерге жақсы таныс. Бір кездері Пептің көмекшісі болған. Кейін өзі жеке жұмыс істеп көруді жөн санады. Бірақ Челсиде ұзақ отыра алған жоқ. Енді Ман Ситимен қалай боларын уақыт көрсетеді.

Жаңа маусым басталды

Криштиану Роналду жанкүйерлері енді Сауд Арабиясынан жаңалық күтеді. Жақында ғана ресми түрде сүйіктісімен некесін қиған Португалиялық футболшы голдарының санын мыңға жеткіземін деп отыр. Аль Наср ертең Аль Фатех командасын қабылдайды. Кеше жаңа маусымның шымылдығын Аль Драих пен Аль Ахли Джидда түрді. Алаң иелері жоғарғы топқа енді ғана қосылған. Ал қонақтар Азия чемпииондар лигасының жеңімпазы. Және ұлттық біріншіліктің қола жүлдегері. Бұл кездесуде ойын тағдырын 1 ғана гол шешті. Оның авторы Армениялық легионер Эдуард Сперцян. Маусымаралық үзілісте Краснодардан ауысып келген футболшы бапкер сенімін ақтай білді. Бапкер демекші Аль Ахли клубының басшылары тізгінді біраз күн бұрын Босниялық маман Марино Пушичке ұстатқан болатын. Джидданы төрге сүйреген Неміс Маттиас Яйссле осы маусым Ньюкаслды жаттықтырады.

Шелтон шеберлік танытты

Америкада Агасси мен Сампрастың ізін басар мықты теннисші өсіп келеді дегенді айтқанбыз. Ол Бен Шелтон болатын. 23 жастағы спортшы Канаданың Монреал қаласында өткен турнирде өзінің мықты екенін мойындатты. Рас, үйеңкі жапырақты елде Шелтонның жолы айдарынан жел ескен мықтылармен түйіскен жоқ. Десе де қарсы  келгендерді бет қаратпай ұтқан Бен жарыс жеңімпазы атанды. Финалда өз отандасы Брендон Накашимаға қарсы сұрапыл ойын көрсетті. Осы турнирде қарсыластарына бірде-бір сет бермеген Бен Шелтон нағыз бабында екен. Енді осы қарқынын жоғалтып алмаса  ЮС Оупенде біразға шабайын деп тұр.