Дастан Сәтпаев қашан дебют жасайды?
Футболшы Дастан Сәтпаев
23 тамызда Англия чемпионатындағы алғашқы ресми ойынын өткізуі мүмкін. Отандасымыз чемпионшиптің 2-туры аясында “Вест Бромвичке” қарсы матчта алаңға шығады деген үміт бар. Сарапшылар мен жанкүйерлер де оның “Бернли” сапындағы ойынын тағатсыздана күтіп отыр.
Мерей Канапия, тілші:
- Бернли 1882 жылы құрылған Англиядағы тарихи клубтардың бірі. Осы уақыт аралығында 2 рет ағылшын лигасында топ жарса, 1 мәрте Англия кубогын иеленді. Қазіргі басты мақсаты чемпионшипті жеңіп, элиталық премьер-лигаға қайта оралу. Дастан Сәтпаевтің “Челсиден” дәл осы клубқа жалға ауысып келуі отандық футбол үшін айтулы жаңалық болды.
Жандос Айтбайұлы, спорт сарапшысы:
- Қаншалықты сәтті шешім болғанын уақыт көрсетеді. Дегенмен, дұрыс шешім деп ойлаймын өзім. Өйткені ағылшын премьер-лигасы Дастан үшін өте қиын. Бәсекелестік жоғары... қаншама шабуылшы бар...Көлеңкеде отырып қалғаннан көрі...Чемпионшиптің өзі премьер-лигада кем емес. 24 команданың осалы жоқ. Олардың кез келгені кубок ұтып алатын шама дәрежесі бар.
Расында Чемпионшиптің деңгейі өте жоғары. Былтырғы көрсеткіш бойынша әлемдегі үздік 30 лиганың арасында 6-орыннан көрінген. Көш басына ағылшын премьер-лигасы жайғасса, 2-орынға Италияның А сериясы мен Испанияның Ла Лигасы табан тіреген. Оларды өкшелеп, немістің Бундеслигасы мен Францияның 1-лигасы келе жатыр.
1. Англия Премьер-лигасы (әр лиганың логосы бар) - 92,6
2. Италия А сериясы - 87,00
3. Испания Ла Лигасы - 87,00
4. Германия Бундеслигасы - 86,3
5. Франция 1-Лигасы - 85,5
6. Англия Чемпионшипі - 80,9
Нұрсұлтан Құрман, футбол сарапшысы:
- Чемпионшипта ойын саны көп. Физикаға негізделген. Командалардың көпшілігінің деңгейі ортақ. Сондықтан оңай болмайды. Дастан бірінші кезекте дұрыс жерге барды. Ойын практикасы керек. Екіншіден, келісім-шартта жазылған міндетті түрде белгілі пайыз ойнау керек дегендей жазылған. Сондықтан ұтымды келісім-шарт деп отырмын.
Бернлидің жалпы құны 127 млн еуро тұрады. Трансфермаркеттің мәліметі бойынша олар Дастан Сәтпаевті “Челсиден” 1 жылға 350 мың еуроға жалға алған. Бұл шамамен 190 млн теңгеге жуықтайды.
Әбілмансұр Қамзаев, футбол сарапшысы:
- Чемпионшипте 24 команда болғаннан кейін 46 тур болады. Оның барлығы Дастан үшін Англиядағы өмірге, Англия футболына бастапқы кезде үйрену үшін таптырмас мүмкіндік деп ойлаймын. Келісім-шартта да белігі пайыз ойнату керектігі көрсетілген. Бернли оны ойынға шығармаса, “Челсиге” айыппұл төлейді екен.
Бернли дәл қазір алғашқы турдың қорытындысы бойынша 1 ұпаймен 9-орында келе жатыр. Бірінші ойында Вест Хем Юнайтедпен кездесіп, 2:2 есебімен тең тарқасты. Енді 23 тамызда Вест Бромвичпен жолықса, 26-сы Брэдфордпен, 29-ы Норвичпен кездеседі. Осы матчтарда Дастан Сәтпаевті алаңнан көріп қалуымыз әбден мүмкін.
Нұрсұлтан Құрман, футбол сарапшысы:
- Бұл жерде тосынсый өте көп болады деп ойлаймын. Барлық қазақ жанкүйері Дастанды қолдау керек және келесі турларда міндетті түрде шығып, көрермен көзайымына айналып, жанкүйерлерді қуантады деп ойлаймын. Жалпы Бернлидің инфрақұрылымы өте мықты. ТОП командалардан кем емес. Академиясы, алаңдары қандай... Медиасы сапалы.
Жандос Айтбайұлы, спорт сарапшысы:
- Енді сол Кайл Уокелдармен бірге тәжірибе жинап, жоғары топқа Челсиге оралатын мүмкіндік бар. Бәрі өзіне байланысты. Енді ертең көреді ағылшын футболының қаншалықты жоғары екенін.
Қазақстандық футболшының трасферлік құқығы толықтай “Челсиге” тиесілі. Келесі маусымда қайтып Лондонға оралады. Дастан “Ақсүйектермен” 2033 жылға дейін келісімшартқа отырды.
Мерей Қанапия, Диас Қобыланбаев