Қазыбек Қалмағамбетов грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды

Қазыбек Қалмағамбетов – әлем чемпионы. Словакияның Братислава қаласында күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында дүниежүзілік дода өтіп жатыр.

Грек-рим күресінен 67 келіде белдескен Қазыбек Қалмағамбетов барлық қарсыластын айқын басымдықпен ұтты. Финалда беларусь балуанын 13:7 есебімен жеңді. 

Шахматшы Б. Асаубаева үшінші орында

Бибісара үшінші орында. Американың Сент-Луис қаласында шахматтан әйелдер арасындағы супер турнир жалғасып жатыр. Cairns Cup деп аталатын байрақты бәсекеге жыл сайын әлем үздіктері жиналады. Араларында қазақстандық Бибісара Асаубаева да бар. Ол жарыстың кезекті күні қытайлық Тань Чжунъимен кездесіп, есе жіберді. Бұл ойын аса маңызды болды. Өйткені бұған дейін жалпы тізімде Тань бірінші, Бибісара екінші тұрған. Сәйкесінше, бас жүлде сарапқа салынды деген сөз. Жеңіліп қалған Бибісара үшінші орынға сырғыды. Десе де әлі көтерілетін мүмкіндігі бар. Бүгін соңғы тур аясында үндістандық Конеру Хампимен кездеседі. Жеңіске жетсе, күміс жүлдегер атанды. Сент-Луис қаласындағы турнирдің  жалпы жүлде қоры 250 мың долларды құрайды. Жеңімпазға 60 мың доллар беріледі

Қазақ боксшылары сыйақыларын алды

Боксшыларымыз сыйақысын алды. Былтыр желтоқсан айында Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында IBA ұйымының бастамасымен әлем чемпионаты ұйымдастырылған еді. Бұл жарыста қазақ жігіттері 3 алтын, 1 күміс және 2 қола жеңіп алып, жалпы командалық есепте Ресейден кейін екінші орынға тұрақтады. Жоғарыда айтқан, халықаралық бокс қауымдастығының президенті Умар Кремлев сол кезде алтын жүлдеге 300 мың доллар, күміс жүлдеге 150 мың доллар, қола жүлдеге 75 мың доллардан, тіпті, ширек финалға шыққандардың өзіне 10 мың доллардан берілетінін мәлімдеген. Әлем чемпионатының жалпы жүлде қоры 8,3 миллион долларды құрады. Араға біраз уақыт салып уәде орындалды. Яғни жігіттердің шотына ақша аударылды. Айта кетейік, Дубайдағы дүниежүзілік додада Сәкен Бибосынов, Абылайхан Жүсіпов және Оразқұл Асылқұлов алтын медаль жеңіп алды. Сабыржан Аққалықов күміс иеленсе, Теміртас Жүсіпов пен Ертуған Зейнуллинов қолаға қол созды. Тағы бір айта кетерлігі, жарыс шартында жүлдеге ілікккен жігіттердің бапкерлері және сол елдің бокс федерацияларына да төлем қарастырылған. Бұл қаржы 15 қыркүейкке дейін жіберіледі делінген IBA ұйымы жолдаған ресми хатта. 

Жылдың басты жарысына дайындық

Жұдырықтар жүмылуымыз керек. Қазақстан бокс федерациясы Азия ойындары алдында жанкүйерлерге үндеу тастады. Жылдың басты жарысы тура бір айдан кейін Жапонияның Нагоя қаласында өтеді. Ол жерде қазақ боксшылары барлық салмақта бақ сынайды және 12 жыл бойы күткен алтын жүлдеге қол созуға тырысады. Осы тұрғыда жанкйүерлердің қолдауы аса маңызды. Әсіресе Жапонияда жұмыс жасайтын, білім алатын немесе саяхаттап баратын жерлестеріміз болса, бокс федерациясы жарысқа кіру билеттерімен және арнайы футболкалармен қамтамасыз етуге дайын. Бұндай фанаттар қозғалысы Астанада өткен әлем кубогі мен Луверпульде өткен әлем чемпионатында болды. Енді осы үрдісті жалғастыру қажет. Айта кетейін, бокс бойынша жекпе-жектер 21 қыркүйекте басталады. Жартылай финал 29-30 қыркүйекке, ал финалдар 2 қазанға жоспарланып отыр. Қазақ боксшыларының өзі Азия ойындары басталмай тұрып 10 күн бұрын Жапонияға аттанады және сол жерде жарыс алындағы дайындықты пысқытайды.