ФИФА Қазақстанға 250 мың доллар грант бөлді: Қаражат қайда жұмсалады?

depositphotos.com

Қазақстан футбол федерациясы FIFA-ның Talent Development Scheme бағдарламасы аясында қаржылай қолдау алады, деп хабарлайды «24KZ».

 

ҚФФ мәліметінше, балалар-жасөспірімдер футболын дамытуға және мамандарды даярлауға бөлінген 250 000 доллар мынадай маңызды бағыттарға жұмсалады:

  • 125 000 доллар — «Болашақ чемпиондар» атты перспективалы жас ойыншыларды іздеу және іріктеу ауқымды жобасына бағытталады.

  • 50 000 доллар — бапкерлер мен скауттарға арналған оқыту семинарларын ұйымдастыруға қарастырылған.

  • 50 000 доллар — бағдарламаны басқарудың операциялық шығындарын (FIFA Operations Project) жабуға жұмсалады.

  • 25 000 доллар — балаларды қорғау стандарттары мен қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету бағдарламаларын енгізуге арналған.

Айта кетейік, FIFA Talent Development Scheme бағдарламасы бүкіл әлем бойынша жас футбол таланттарын табу, тәрбиелеу және сүйемелдеу ісінде ұлттық қауымдастықтарға жан-жақты қолдау көрсету үшін құрылған.