Көшпенділер ойындары: ұлттық құрама 10 медаль жеңіп алды

Александр Бублик теннистен US Open турнирінің 3-ші айналымына өтті. Ол АҚШ-тағы жарыстың екінші кезеңінде франциялық Адриан Маннариномен кездесіп, 3:0 есебімен ойсырата ұтты. Алғашқы сетте 6:3 қалған екі сетте 6:1 есебі тіркелді. Енді келесі айналымда америкалық немесе хорватиялық спортшылар арасындағы жеңімпазбен кездеседі. 

Қазақстан құрамасы көшпенділер ойындарының екінші күнінде бас аяғы 10 медаль жеңіп алды. Оның 4-уі алтын, біреуі күміс, қалған 5-уі қола. Әуелі аударыспақтан 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Нұрталап Керім финалдық бәсекеде қырғызстандық спортшыны ұтып, жарыс жеңімпазы атанды. Артынша, 70 келіде Сайлау Мұхамеджан да ақтық сында Қырғызстан өкілімен кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Көп ұзамай Абзал Тұлыбеков жамбы атудан қырғыз стилі бойынша қарсылас шақ келтірмей, ел қоржынына үшінші алтынды салды. Сондай-ақ, арқан тартыстан да жігіттеріміз жоғары деңгейде өнер көрсетіп, төртінші алтынды еншіледі. Енді бүгін көкпаршыларымыз жарыс жолына шығады. Олар топтағы алғашқы ойынын Ресейге қарсы өткізеді.  

Мейрамғазы Сапарғали, ҚР ТСМ комитетінің ресми өкілі:

- Жалпы мемлекет тарапынан өздеріңіз білесіздер 2025 жылы осы ұлттық спорт түрлері олимпиадалық спорт түрлерімен теңестірілді. Олимпиадалық спорт түрлеріне қандай жағдай жасалса, ұлттық спорт түрлеріне де дәл сондай жағдай. Үстіміздегі киімнің өзі олимпидалық және ұлттық спорт түрлеріндегі спортшыларға да тең дәрежеде беріледі. Қажетті оқу-жаттығу жиындарының барлығы өткізіліп, құрал-жабдықтармен қамтылды. Тіпті ойындарда өнер көрсететін көкпар аттарының барлығы сұрыпталып, алдын ала іріктеуден өтті. Ойын небәрі 1 сағат 12 минутқа созылды.

Абзал Әжіғалиев спорттық мансабын аяқтады

Шорт-трек шебері Абзал Әжіғалиев спорттық мансабын аяқтады. Бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Абзал 2009 жылдан бері ұлттық құрама сапында өнер көрсетіп, барлық қашықтықта Қазақстан чемпионы болды. Ол ел тарихында алғаш рет Әлем кубогының алтын медалін жеңіп, халықаралық жарыстарда талай рет жеңіс тұғырынан көрінді. Шорт-трекші 4 бірдей олимпиада ойындарына қатысып, 2 мәрте көк туымызды ұстап шықты. Абзал алдағы уақытта осы салада қызмет етіп, болашақ чемпиондарды даярлауға ал салыспақ.

Абзал Әжіғалиев, шорт-трек шебері:

Осы жылдардың әр сәтіне ризамын. Басы́п өткен жолыма көз жүгіртсем, жүрегімді өкініш емес, шексіз алғыс пен мақтаныш сезімі кернейді. Енді сол жолдың жалғасын жаңа міндетпен жалғастыратын уақыт келді. Алдағы мақсатым осы жылдар бойы жинаған тәжірибем мен білімімді Қазақстан спортының дамуына арнау. Ұлттық құраманың жанынан табылып, жас спортшыларға бағыт-бағдар беріп, Қазақстан шорт-трегінің болашағы үшін еңбек етуді өзімнің азаматтық әрі спорт алдындағы парызым деп білемін. Осы жылдар бойы сенім білдіріп, қолдау көрсеткен отбасыма, бапкерлеріме, командаластарыма, дәрігерлерге, мамандарға және бірге еңбек еткен барша жанға шынайы алғысымды білдіремін. Қуанышымды да, жеңілісімді де бірге бөліскен әр жанкүйерге рақмет.

Дастан Сәтпаев матчтың үздік ойыншысы атанды

Дастан Сәтпаев Бернли мен Мидлсбро арасындағы матчтың үздік ойыншысы атанды. Отандасымыз чемпионшиптің 4-ші туры аясында алаңға негізгі құрамда шығып, 81 минут өнер көрсетті. Тіпті орнын босатқан кезде де тұтас Бернли жакүйерлерінің қошеметіне бөленді. Flashscore порталы оның ойынына 6.6 ұпай берген. Ол қарсыластар қақпасына бірнеше қауіпті сәт ұйымдастырып, жойқын соққыларымен көзге түсті. Десе де қос команда 1:1 есебімен тең тарқасты. Енді 5 қыркүйекте өз алаңында Бристоль Ситиге қарсы ойнайды. Әзірге Бернли 4 турдың қорытындысы бойынша, 2 ұпаймен 23-ші орында келе жатыр. Айта кетейік, Дастан Сәтпаев үшін бұл Бернли сапындағы 4-ші, негізгі құрамда бастаған 3-ші кездесуі болды.

Сондай-ақ оқыңыз: