Көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасы көкпардан алғашқы кездесуін жеңіспен бастады
Қазақстанның көкпар құрамасы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы алғашқы кездесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды 24KZ.
Топтық кезеңдегі алғашқы ойында қазақстандық спортшылар Ресей құрамасын 14:1 есебімен жеңді.
Көкпар турниріне жеті елдің құрамасы қатысып жатыр. Қазақстан В тобында Венгрия және Ресей командаларымен бірге өнер көрсетеді. Ал А тобында Қырғызстан, Өзбекстан, Ауғанстан және Моңғолия құрамалары бақ сынайды.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында бұған дейін екі алтын медаль жеңіп алды. Сондай-ақ ел спортшылары жамбы атудан алтын, аударыспақтан күміс, алыш күресінен қола және тағы бір спорт түрінен жүлдеге ие болды.