Самбодан Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды

Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Қырғызстанның Шолпон-Ата қаласында өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақстандық самбошылар екі қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды «24KZ».

64 келі салмақта сынға түскен Жандос Бейсенбаев жүлделі үшінші орыннан көрінді. Ал 79 келі салмақта Еркебұлан Нығметов қола медаль иеленді.

Осылайша, самбодан Қазақстан құрамасының еншісінде бір алтын және екі қола медаль бар.

Айта кетейік, Болат Сапар +98 келі салмақта чемпион атанып, ел қоржынына алтын жүлде әкелген болатын.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Сондай-ақ оқыңыз: