Қазақстан құрамасы көшпенділер ойындарында көш бастап келеді
Қазақстан құрамасы 6-шы дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көш бастады.
Жарыстың төртінші күнінен кейін отандастарымыз 24 алтын, 12 күміс және 14 қола жүлдені қанжығалады. Бұл ойындарда 150-ден астам спортшы ел намысын қорғайды. Олар 43 спорт түрі бойынша бақ сынап жатыр. Ал көшпенділер додасына 113 елден 3 мыңға жуық спортшы жиналды.