Елена Рыбакина – әлемнің бірінші ракеткасы

Сүйінші хабар. Қазақстандық теннисші әлемнің бірінші ракеткасы атанды. Елена Рыбакина Нью-Йорктегі US Open турнирінің ширек финалында қытайлық Олимпиада чемпионы Чжэн Циньвэньді үш сетке созылған тартысты кездесуде жеңіп, келесі кезеңге өтті.

Рыбакина алғашқы сетте 3:6 есебімен есе жібергенімен, екіншіде қарсыласының осал тұсын дәл тауып, 6:1 есебімен жеңді. Шешуші сетте қос теннисші де барын салды. Бірақ жеңіс отандасымызға бұйырды. 

Бұған дейін ұзақ үзілістен соң кортқа оралған қытайлық спортшы Ига Швёнтек пен Мэдисон Киз секілді мықтыларды жарыстан шығарған еді. Осылайша Елена US Open турнирінің жартылай финалына алғаш рет шығып, мансабында тұңғыш рет әлемдік рейтингте көш бастады. Бұл нәтиже беларусьтік Арина Сабаленканың 98 аптаға созылған көшбасшылығына нүкте қойды. Енді Астана уақытымен жұма таңғы бесте жартылай финалда Елена Рыбакина америкалық Коко Гауффпен сынға түседі. Ал жаңа әлемдік рейтинг дүйсенбі күні ресми түрде жарияланады.

Сондай-ақ оқыңыз: