«Дерттен арыламын»: Данияр Елеусінов тосын мәлімдеме жасады

2016 жылғы Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов ем қабылдауды бастағанын мәлім етті, деп хабарлайды «24KZ».

Спортшы желідегі парақшасында қазіргі жағдайы туралы айтып, жанкүйерлерін алаңдамауға шақырды. Ол алдағы уақытта дертінен арылып, қайтадан қатарға қосылатынын жеткізді.

«Қазір ем қабылдауды бастадым. Тек тамырға дәрі алу емес, жалпы кешенді түрде емделіп жатырмын. Алла қаласа, бәрі жақсы болады деп ойлаймын.

Сондықтан бұған дейін болған жағдайларға мән бермеңіздер. Біреуді ренжітіп қойған болсам, ауыр сөздер айтып қойған шығармын. Кімде болмайды? Менің жаман әдетім – эфирге шығып кету. Бірақ енді ондай болмайды деп ойлаймын. Өйткені бұл дерттен арылуға байыппен кірісіп отырмын.

Бәрі жақсы болады. Жақында қайта қатарға қосыламын. Бұрынғы көңілді, бақытты Данияр қайта оралады», – деді спортшы.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз  

Сондай-ақ оқыңыз: