Азиада-2026: Қазақстан нысана көздеуден үздік ондыққа енді
Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарында нысана көздеуден 10 метр қашықтықтан пневматикалық мылтықпен ату сайысында өнер көрсетті.
Ел намысын Александра Ле, Елизавета Безрукова және Софья Шульженко қорғады. Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпы саны 1879,9 ұпай жинап, алтыншы орынға ие болды. Осылайша, үздік ондыққа кірді. Алайда жекелей есепте спортшыларымыз финалға өте алмады. Александра Ле 15-орын, Елизавета Безрукова 22-орын, ал Софья Шульженко 28-орыннан көрінді.