Азия ойындарының жүлдегерлері оралды

Көркем гимнастикадан Азия ойындарының қола жүлдегерлері елге оралды. Жасмин Жүнісбаева, Кристина Чепульская, Аида Хакімжанова, Айзере Нұрмағамбетова және Мадина Мырзабайды жақындары мен жанкүйерлері елорда әуежайынан салтанатты түрде қарсы алды.

Қазақстандық гимнастшылар Жапонияда өткен XX жазғы Азия ойындарының финалдық бәсекесінде сәтті өнер көрсетті. Қазақ қыздары топтық сайыста үшінші орын иеленді.

Меруерт Балғынбаева, көркем гимнастика жаттықтырушысы:
- Жеке бапкер ретінде айтсам, көңілім екі түрлі деп айтуға болады. Өйткені топтық жаттығуда спортшылар өз өнерлерін жақсы көрсетті. Көңілім толды. Қола жүлдені иелендік. Әрине, қуаныштымын. Ең бастысы, біздің жанкүйерлерімізге, бізге қолдау көрсеткен жандарға алғысымды білдіремін. Сонымен қатар Туризм және спорт министрлігіне, Гимнастика федерациясына және біздің әкімдікке бізді әрдайым қолдап жүргендері үшін алғысымды білдіремін.

Сондай-ақ оқыңыз: