Еркінғали Бүркіталин Азия ойындарының чемпионы атанды

Сурет: Владислав Семенов

Еркінғали Бүркіталин Азия ойындарында аралас жекпе-жектен чемпион атанды, деп хабарлайды «24KZ».

Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында қазақстандық спортшы Еркінғали Бүркіталин топ жарды. Ол аралас жекпе-жектен (ММА) ел қоржынына кезекті алтын медальді салды.

Дәстүрлі стиль бойынша 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз финалдық белдесуде Бахрейн өкілі Мухаммед Набиевпен кездесті. Тартысты өткен тартыста қарсыласынан басым түскен Еркінғали 3:0 есебімен сенімді жеңіске жетіп, Азия ойындарының чемпионы атанды.

Айта кетейік, ММА спорты тарихта алғаш рет дәл осы Жапониядағы Азия ойындарының ресми бағдарламасына енгізіліп отыр. Осылайша, Еркінғалидің бұл жеңісі Қазақстан құрамасының еншісіндегі 5-ші алтын медаль болып тіркелді.

Сондай-ақ оқыңыз: