Азиаданың қола жүлдегері елге оралды

Бүгін Азия ойындарының қола жүлдегері Арлан Жаңабай мінген ұшақ елорда әуежайына келіп қонды. Оны достары, командаластарымен қатар триатлон жанкүйерлері күтіп алды.

Шаттыққа толы жылы жүздесуде жүлдегерге ізгі тілектер айтылып, қолдау көрсетілді. 

Арлан Жаңабай, ХХ Азия ойындарының жүлдегері:

- Дайындығымыз жақсы болды. Тіпті өте керемет болды дер едім. Жарысты да сәтті бастадым. Бірден алға озып, көшбасшылар қатарына кіріп алдым. Бірақ қытайлық және жапониялық қарсыластарым қара үзіп кетіп, үшінші орынды қанағат тұттым. 

Еске сала кетейік, ерлер арасындағы триатлонның жеке жарысында қазақстандық спортшы 53 минут 11 секунд нәтиже көрсетіп, үшінші орынға ие болды. Бұл медаль оның халықаралық аренадағы кезекті жетістігі. Биыл отандасымыз Қытайдың Тайчжоу қаласында өткен Азия кубогі кезеңінде қола, ал Түркістанда өткен Азия кубогі кезеңінде күміс медаль жеңіп алған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз: