Азиада-2026: қазақстандық ескекшілер финалда үздік ондыққа енді

Olympic.kz

Қазақстан академиялық ескек есуден Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының В финалында сынға түсті. 

Асханбек Бапан жекелей сайыстың В финалында қашықтықты 7:05.21 уақытта жүзіп өтіп, екінші орын алды. 

Сондай-ақ Александр Красновский мен Владислав Галкин жұптық сайыста 6:37.14 уақыт нәтижесін тіркеп, екінші сатыға жайғасты.

Olympic.kz