Әлем чемпионы Төрехан Сабырхан Азия ойындарын жеңіспен бастады

фото: TeamQazaqstan

Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында әлем чемпионы Төрехан Сабырхан алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды 24KZ.

70 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін отандасымыз Қатар спортшысы Мұхаммед Дбичиге қарсы рингке шықты. Төрехан айқастың басынан басымдық танытып, қарсыласын сенімді түрде ұтты. Есеп – 5:0.

Төрехан Сабырханның ширек финалдағы қарсыласы енді  анықталады.

Сондай-ақ оқыңыз: