Қазақ баласы каратэ WKF әлем чемпионы атанды

Сұңқар Қанибек – әлем чемпионы! Польшаның Бельско-Бяла қаласында каратэ WKF-тен дүниежүзілік дода өтті, деп хабарлайды «24KZ».

Жасөспірімдер арасындағы жарыста 76 келі салмақтағы спортшымыз Сұңқар Қанибек алтын жүлдегер атанды. Ол топтық кезеңде Мажарстан, Қырғызстан, Сенегал және Сауд Арабиясы өкілдерінен басым түсті. Жартылай финалда мысырлық Гад Әли Алаединді, ал финалда шотландиялық Броди Калленді жеңді. Бұған қоса, қоржынымызда бір қола бар. Оны 61 келі салмақта сынға түскен Айару Қалысбек жеңіп алды. Айару жарыс барысында АҚШ қызына ғана есе жіберді. Ал қола жүлде үшін айқаста сербиялық Анастасия Рудинацты айқын басымдықпен ұтты. Осылайша, 114 ел қатысқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпы есепте 13-ші орынға жайғасты.

Сондай-ақ оқыңыз: