Азия ойындары: Гимнаст Милад Карими күміс жүлдегер атанды

Фото: olympic.kz

Қазақстандық гимнаст Милад Карими Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жеңіс тұғырына көтерілді, деп хабарлайды «24KZ».

Отандасымыз еркін жаттығулардың финалында сынға түсті. Нәтижесінде 14.600 ұпай жинап, күміс жүлдеге қол жеткізді.

Филиппин өкілі Карлос Эдриэль Юло чемпион атанды - 14.666. Жапониялық Сёма Цукияма үздік қола жүлдеге ие болды - 14.566.

 «24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Сондай-ақ оқыңыз: