Азия ойындары: Ислам Сәтпаев нысана көздеуден қола жүлде алды

Фото: olympic.kz

Қазақстандық спортшы Ислам Сәтпаев нысана көздеуден Аичи және Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының финалында сынға түсті, деп хабарлайды «24KZ».

Ислам 50 метрден үш қалыпта мылтықпен атудан жекелей сайыста өнер көрсетті.

Отандасымыз ақтық бәсекеде 348.3 ұпай жинап, үшінші орынға ие болды.

Алтын медальді қытайлық Чжан Чанхун жеңіп алды - 360.5. Күміс медаль оның отандасы Лю Юйкуньға бұйырды - 360.2.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Сондай-ақ оқыңыз: