Стелла Суханова ХХ жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Стелла Суханова Аичи және Нагояда (Жапония) өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды 24KZ.

Байдаркамен 500 метрге жарыста Қазақстан құрамасының спортшысы, Азия чемпионы Стелла Суханова мәреге 3-ші келіп, қола жүлде жеңіп алды. 

Жарыс барысында Қытай спортшысы топ жарса, Өзбекстан ескек есушісі күміс медальді еншіледі.

Сондай-ақ оқыңыз: