Гимнаст Ерлан Тасмағамбетов Азиадада қола медаль жеңіп алды
Спортшы Ерлан Тасмағамбетов батуттағы гимнастикадан Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жеңіс тұғырына көтерілді.
Отандасымыз суперфиналда ел намысын қорғады. Нәтижесінде Ерлан төрешілердің шешімімен 54.69 ұпай жинап, үшінші орын алды.
Қытайлық Янь Ланъюй жарыста топ жарды - 65.09. Оның отандасы Ван Цзысай күміс медальға ие болды - 63.83.
Бұған дейін Роман Барков финалда сегізінші орын алып, суперфиналға өте алмаған еді.