Академиялық ескек есуден Азиада чемпиондары И. Чернухин мен В. Яковлев елге оралды
Академиялық ескек есуден Азия ойындарының чемпиондары Иван Чернухин мен Владислав Яковлев елге оралды.
Спортшыларды Астана халықаралық әуежайында туған-туыстары мен жанкүйерлері салтанатты түрде қарсы алды. Жапонияда Владислав Яковлев пен Иван Чернухин академиялық ескек есуден Азия ойындары тарихында Қазақстанға тұңғыш "алтынды" сыйлады. Чемпиондармен бірге басқа да командаластары елге оралды.
Владислав Яковлев, академиялық ескек есуден Азия чемпионы:
- Еңбегіміз ақталды. Өте қуаныштымыз. Көңіліміз толады. Бәрі жоспарлағанымыздай болды. Жарыс қиын болатынын біліп, тыңғылықты дайындалдық. Түбінде көздеген мақсатымызға жеттік.
Иван Чернухин, академиялық ескек есуден Азия чемпионы:
- Біздің дуэт осыдан екі жыл бұрын құрылды. Бірге ескек есуге машықтанып, бір-бірімізге үйрендік. Сенімді серіктесім Владиславтың тәжірибесі өте мол. Ол төрт Олимпиадаға қатысқан. Бұл оның бесінші Азия ойындары. Сондықтан оған психологиялық тұрғыда өте маңызды әрі жауапты сәт болды деп ойлаймын.