Гимнаст Виктория Бутолина Азиада-2026 финалына жолдама алды
Қазақстандық спортшы Виктория Бутолина Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында батуттағы гимнастикадан финалға шықты, деп хабарлайды 24KZ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Іріктеу кезеңінде Бутолина 52,18 ұпай жинап, аралық есепте бесінші орынға орналасты. Осы нәтижесі оған жүлде үшін күресті жалғастыруға мүмкіндік берді.
Финал бүгін, 27 қыркүйекте өтеді. Оның қорытындысы бойынша төрт спортшы суперфиналға жолдама алады.