Қазақстан дзюдо құрамасы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
Қазақстан құрамасы дзюдодан Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.
Отандастарымыз аралас командалық бәсекенің финалында алаң қожайындары Жапониямен күш сынасып, 0:4 есебімен есе жіберді. Қазақстан құрамасының сапында Ғұсман Қырғызбаев, Бақытжан Абдурахманов, Меруерт Сәрсенова, Дана Әбдірова, Айдар Арапов, Ажар Асхат, Марат Байқамұров, Ерасыл Қажыбаев және Екатерина Токарева, Аида Тойшыбекова өнер көрсетті.