Азия ойындары: боксшы Айбек Оралбай алтын медаль үшін бақ сынайды

Фото: olympic.kz

Қазақстандық боксшы Айбек Оралбай Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының жартылай финалында сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды «24KZ».

Отандық боксшы 90 келіден жоғары салмақта ел намысын қорғап жатыр.

Айбек жартылай финалда үндістандық Нарендермен қолғап түйістірді. Нәтижесінде қазақстандық спортшы төрешілердің шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, бокстан финалдық жекпе-жектер 2 қазанда өтеді.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Сондай-ақ оқыңыз: