Азия ойындары: Анастасия Ананьева слаломды есуден қола медаль иеленді

Фото: olympic.kz

Қазақстандық спортшы Анастасия Ананьева Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында слаломды есу жарысында қола медаль иеленді, деп хабарлайды «24KZ».

Ананьева әйелдер арасындағы бір адамдық каноэ жарысының финалында өнер көрсетті. Қазақстандық спортшы қашықтықты 127,32 секундта бағындырып, үшінші орын алды.

Қытай өкілі Хуан Цзюань 114,84 секунд нәтижесімен жеңіске жетті. Ал Таиланд спортшысы Атчарапорн Дуанглава 125,85 секунд көрсетіп, күміс жүлдегер атанды.

Бұл - Қазақстан құрамасының биылғы Азия ойындарында слаломды есуден алған екінші медалі. Бұған дейін Александр Коробов қола жүлдеге ие болған.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Сондай-ақ оқыңыз: